object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-12 23:02:26.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

БІЗДІҢ подкаст

ҚӨУ-дің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы «Наш Костанай» газетінің қолдауымен подкаст шығарды.

Біздің студент-журналистер тек аудиторияда ғана емес, сонымен қатар тәжірибе жинау арқылы білімдерін жетілдіруде. Бұл жолда оларға Baitursynuly University оқытушылары мен кәсіби журналистер көмектесуде.

Осындай өзара ынтымақтастықтың жарқын мысалы – «Наш Костанай» газетінің редакциясымен бірлесіп жасалған студенттік #UyatEmes подкасты.

Айтпақшы, «НК» – кафедрамыздың сенімді серіктесі және студенттер үшін керемет тәжірибе алаңы.

#UyatEmes жобасының идеясы 2024 жылы Лейла Байгузина, Аружан Қанатбек және Виктория Казаченконың стартап-жобалар байқауына қатысуы арқылы пайда болды.

Қыздар 2-орын алып, жобаны жүзеге асыру үшін қажетті техниканы сатып алды. Ал биыл университетте жаңа медиастудияның ашылуы подкаст түсіруді одан әрі ыңғайлы етті.

«Наш Костанай» газетінің редакторы Аскар Жабаев бастаманы қолдап, Лейла Байгузинаның дипломдық жұмысы аясында подкаст түсіру мен оны ілгерілету ісіне көмектесті.

Редакцияның кәсіби операторлары құнды кеңестерімен бөлісті.

Өзінің зерттеу жұмысында студент қыз командасы жасаған контенттің аудиторияға әсерін зерттеуде.

Подкаст қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Оны «Журналисты КРУ» YouTube арнасынан және Яндекс.Музыкадан табуға болады.

«НК» газетінің сайтында #UyatEmes подкасына сілтеме берілген баннер орналастырылған.

Қабылдау комиссиясы