Инклюзивті және инновациялық білім беру технологиялары орталығында меңгеруші Сәуле Айтқожинованың ұйымдастыруымен «Өзіңді таныту және табысқа жету жолында!» атты студенттік инклюзивті квест өтті.
Аталған шара АҚШ Елшілігінің ҚР-дағы AIA «Мүмкіндігі шектеулі студенттер: құқықтық қорғау және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру» грант жобасы аясында грантхолдер Виталий Рудневтің жетекшілігімен өтті.
Жобаның негізгі мақсаты - ерекше білімді қажет ететін шәкірттерді әлеуметтік ортаға бейімдеу, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындау, жігер, сенімділік беру болып табылады.
Ерекше студенттер үшін викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Оларға саксофоншы Любовь Полищук әсем әуен орындады, ал «Музыкалық білім» ББ 1 курс студенті Алуа Ғабдрахманова ұлттық аспапта халық күйлері мен классикалық шығармаларды орындады. Шәкірттер қызықты конкурстарға белсенді қатысып, сыйлықтарға ие болды.
Сондай-ақ, студенттер алдында практикалық психология орталығының меңгерушісі Роза Жанғалиева сөз алып, бәсекелестікті ойдағыдай еңсеру, дағдарыс ортада өмір сүру және стиль қалыптастыру құпияларымен бөлісті.