Baitursynuly University Жер күніне орай «Көремін-ұсынамын» атты экочеллендж өтті.
Іс-шараны Қостанай облысының Экология департаменті мен ҚӨУ-дің Жасыл орталығы ұйымдастырды.
Экочеллендждің басты мақсаты - студенттер арасында экологиялық ойлау дағдыларын қалыптастырып, қоршаған ортаны қорғау, көміртегі ізін азайту және тұрақты дамуға үлес қосу жолдары бойынша зерттеу қабілеттерін дамыту.
Қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинау, аулаларды көгалдандыру және жергілікті өнімдер нарығын дамыту мәселелерін талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Экочеллендждің нәтижесінде белсенділік танытқан студенттер Қостанай облысы Экология департаментінің грамоталарымен марапатталды. Олардың қатарында «Экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Елизавета Шипова, Давид Черновольский, Ольга Щеголева және Николай Котко (АШҒФ), сондай-ақ «Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттері Саят Ибрагимов, Сымбат Бейбитова, Рахат Зайып және Аружан Камшыбек (Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институты) бар.
Іс-шараның модераторлары ретінде биология, экология және химия кафедрасының аға оқытушысы Гульжан Казкенова мен профессор ассистенті Гульнара Юнусова қатысты.