object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 03:33:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Мұхтар Шаханов 80 жаста!

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де ақын, драматург, Қазақстан халық жазушысы Мұхтар Шахановтың туғанына 80 жыл толуына орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. 7 желтоқсан күні Гуманитарлық-әлеуметтік пәндер кафедрасы «Ұлт тілін ұлықтаған — Мұхтар Шаханов» атты поэзиялық марафон өткізді. Марафонға қатысқан университетіміздің студенттері мен магистранттары ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, видео арқылы жолдады. «Шара барысында дарынды, талантты, жігерлі, ұлтжанды ақынның өлеңдерін сүйсініп оқитын жастардың көп екендігі көңілге нұр ұялатты»,-дейді марафонның ұйымдастырушылары.

14 желтоқсанда бас ғимараттың оқу залында белсенді студенттер, «Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы», «Жастар Рухы» клубтарының мүшелері мұрындық болған «Мұхтар Шаханов – ақын және азамат» атты поэзиялық кеш өтті. Кеш тартымды, қызықты болды, Мұхтар Шахановтың және қазақ классиктерінің өлеңдері оқылды.

Поэзиялық кештің қатысушылары ақынның поэзиясы қайталанбас, дара туындылар екенін, халықтың жүрегіне жол таба білгенін атап көрсетті. Сонымен қатар Мұхтар Шахановтың шығармашылығы мен өмірінен сыр шертетін кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

Желтоқсанның 9-күні Ғылыми кітапханада ақынның мерейтойына арналған «Ұлт мақтанышы, қайсар рухты ақын» атты тағы бір әдеби кеш өтті. Әдеби кештің қонақтары – Махмұт Қашқари атындағы халықаралық сыйлықтың иегері, Алаш халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ақылбек Шаяхмет, сондай-ақ Тіл және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі Кенжегүл Есіркепова. Студенттер ақынның шығармаларынан үзінділер оқыды, «Ғайша» және «12-3=?» шығармасынан көрсетілім қойды. Ақынның сөзіне жазылған әндер де орындалды.

Қабылдау комиссиясы