4-7 мамыр аралығында Бішкек қаласында гір көтеруден Азия чемпионаты өтті. Аталмыш додаға 15 мемлекеттен 500-ден астам спортшы қатысты. Қазақстан Республикасы құрама командасының құрамында Қостанай өңірлік университетінің, Дене шынықтыру жəне спорт ББ-ның студенттері Денис Долгашов, Антон Стельмах, Манур Шаекенов болды.
Биыл чемпионатқа Азия елдерінен бөлек ресейлік спортшылар да қатысты, сондықтан бәсекелестік деңгейі артты. Алайда біздің студенттер жақсы нәтиже көрсетіп, гір көтерудің әр түрінен (серпе көтеру, жұлқи көтеру, ұзын циклді гір көтеру) бірнеше медаль жеңіп алды. Денис Долгашов серпе көтеруден 73 кг салмақта 1-орынды, ал жұлқи көтеруден 2-орынды жеңіп алды. Антон Стельмах 58 келі салмақта жұлқи көтеруден де, серпе көтеруден де 2-ші орынға ие болды. Манур Шаекеновке жұлқи көтеруден 63 келі салмақта 2-орын тиесілі.
Спортшыларымызды құттықтаймыз және маусымның басты стартында, ағымдағы жылдың қыркүйек айында өтетін әлем чемпионатында да лайықты өнер көрсетулеріне тілектеспіз!