25 сәуір күні педагогика, психология және арнайы білім беру кафедрасында кішкентай қонақтарды қарсы алды.
Бұл қонақтар – Қостанай қаласы білім бөлімінің Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектебінің инклюзияны қолдау кабинеті мен ресурстық орталықтың қыздары мен ұлдары болды.
Студенттер балаларға «Арнайы және инклюзивті білім беру» зертханалары бойынша экскурсия ұйымдастырды. Балалар ерекше әсер алды!
Ал «6В01902-Арнайы педагогика» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Полина Куприянчик пен Надежда Полуносик педагогикалық тәжірибе аясында балалармен сенсорлық интеграцияны дамыту бойынша сабақтар өткізді.
Айта кетейік, кафедра мен мектеп арасындағы ынтымақтастық жоғары деңгейде орныққан. Біздің студенттер мектепте тәжірибеден өтіп, оқушылармен нағыз достарға айналған.