object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-03-15 01:50:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Психология майталманы

Бүгін Baitursynuly University профессоры - Лилия САРКИСЯНның мерейтойы атап өтілді. Биыл ол үшін қос мерейтой - 75 жасқа толуымен қатар, кәсіби қызметінің 55 жылдығын да тойлап отыр. Мерейтой иесін құттықтауға әріптестері, достары, студенттер мен түлектері жиналды.

– Бүгін университетіміз үшін айрықша күн! – деді ҚӨУ ректоры Сейтбек ҚУАНЫШБАЕВ. – Лилия Вагановна мерейтойын атап өтуде. Мен сізді 29 жылдан аса уақыт танимын және сіз әлі де сондай жігерлі, белсенді, тың идеяларға толы жансыз. Біздің өңірде психология туралы сөз қозғалғанда, ең алдымен Лилия Вагановнаның есімі аталады. Сізді бәрі таниды, құрметтейді, сіздің пікіріңізге құлақ асады. Сізге мол табыс, мықты денсаулық және амандық тілеймін!

Мерейтой иесіне жылы лебіздер мен құттықтаулар әлемнің түкпір-түкпірінен келді. Шетелдік университеттердің профессорлары, түлектер мен әріптестері өздерінің ізгі тілектерін жолдады.

Туған күн иесіне қонақтар гүл шоқтарын ұсынып, музыкалық тартулар жасап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

– Сіздерге үлкен рақмет, құрметті әріптестер мен студенттер! – деді Лилия Вагановна. – Жас - бұл жай ғана сан. Әлі талай жаңа жобалар мен қызықты сабақтар күтіп тұр. Маған студенттермен жұмыс істеу ерекше ұнайды, тіпті кейде олардан да біраз нәрсе үйренемін!

Қабылдау комиссиясы