А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында өткізілетін «Айдың үздік қызметкері» университеттік байқауының сәуір айындағы қорытындысы шығарылды.
Конкурс барлық санаттағы қызметкерлердің кәсіби қызметінің тиімділігі мен біліктілігін арттыру, мақсатқа жету үшін олардың жұмысын ынталандыру және команда алдында тұрған негізгі міндеттерді шешу, сондай-ақ кадрлардың сапалы резервін қалыптастыру үшін перспективалы қызметкерлерді анықтау мақсатында өткізіледі.
Айдың үздік қызметкері конкурсқа қатысуға өтініш берген университеттің әр құрылымдық бөлімшесінің басшысының ұсынысы негізінде анықталады. Конкурс ай сайын өткізіліп, үздік қызметкерді таңдау есепті айдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылады, ол үшін университет комиссия құрды. «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкер ректордың мақтау қағазымен марапатталады. Оқу жылы ішінде бірнеше рет «Айдың үздік қызметкері» атағын алған қызметкерлер оқу жылының соңында ақшалай сыйлыққа ие болады, ал үздік қызметкерлердің фотосуреттері университеттің ресми сайтында орналастырылады.
Сәуір айындағы үздік қызметкерлер: Нұргүл Кикбаева – тілдер және әдебиет теориясы кафедрасының лаборанты, Гүлмира Рахалиева – мемлекеттік сатып алу бөлімі бастығының м.а., Орал Такиров – П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а., Никита Шкваренко – дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы, Амангелді Шөрентаев – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасы меңгерушісінің м.а.