Экономика және құқық институты ай сайын студенттер арасында сауалнама жүргізу арқылы үздік оқытушыларды анықтайды. Дәстүрлерге берік институт қараша айының да үздіктерін таңдады. Қараша айының «ТОП-5 үздік оқытушыларымен» таныс болыңыздар:
Сәрсенғали Аралбаев - қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы;

Айгүл Едігенова - заң магистрі, мемлекет және құқық теориясы кафедрасының аға оқытушысы;

Налима Сартанова - экономика ғылымдарының кандидаты, экономика және қаржы кафедрасының профессоры;

Айна Рахматулина - педагогика ғылымдарының магистрі, психология кафедрасының аға оқытушысы;

Нұргүл Алимова - экономика ғылымдарының магистрі, бухгалтерлік есеп және басқару кафедрасының аға оқытушысы.

Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз және жұмыстарына жеміс тілейміз!