П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтының Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Ұлттымыздың бүгіні мен ертеңі» атты республикалық онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің PhD докторы Қуанышбек Юсупов, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Бағила Таирова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің PhD докторы, доцент Шамахай Сайра, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистранты Асылзат Бексейіт, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Қазақстан халық Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының аға оқытушысы Орынбасар Мұхитов, сондай-ақ А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің оқытушылары қатысты. Модератор – Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының докторы Оралбай Қабыл.
Дөңгелек үстел барысында ҚР индустриялық инновациялық дамуының әлеуметтік аспектілері, адамның дінді қабылдау құбылысы, қандастар мәселесі қозғалды, сонымен қатар Тәуелсіздік, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуы, басқарудың қазақстандық моделі әңгіме өзегіне айналды. Онлайн дөңгелек үстел қонақтары іс-шараға белсенділікпен қатысты, қызу пікірталас алаңы қалыптасты.