object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:33:23.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҰЛТТЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН САЙЫС ӨТТІ

Жуырда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде «Наурыздың жеті қадамы» шарасы аясында ұлттық спорттық ойындардан сайыс өтті. Төрт институттың студенттері өзара асық ату, арқан тарту, гір көтеру, қол күресі, қазақ күресі, тоғыз құмалақ сияқты ойын түрлерінен жарысты. Бұл сайыс – финалдық жарыс, оған дейін әр институт іріктеу ойындарын өткізді. Ұлттық ойындарға студенттермен қатар оқытушылар да қатысты.

Сайыс нәтижесі төмендегідей:

16 кг-дық екі гірді 2 минутта көтеруден Денис Долгашов (педагогикалық институт) ешкімге дес бермеді, 65 рет көтеріп, 1-орынды иеленді. 2 орында Манур Шаекенов (педагогикалық институт), ол 59 рет көтерді. 3 орынды 52 рет гір көтерген Антон Стельмах (педагогикалық институт) иеленді.

 

Асық атудан экономика және құқық институтының студенті Өмірбек Оразбаев жеңімпаз атанды. 2-орынға педагогикалық институттың студенті Нұрсұлтан Орынбек лайық деп танылды. Ал 3-орынды экономика және құқық институтының студенті Бекжасар Калабаев місе тұтты.

 

Арқан тартудан 1-орында педагогикалық институт. 2-орынды экономика және құқық институты иеленді. 3-орын инженерлік-техникалық институтқа тиесілі.

 

ҚАЗАҚША КҮРЕСТІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

60 келіге дейінгі салмақта:

1-орын – экономика және құқық институтының студенті Әділ Асанхан.

2-орын – педагогикалық институттың студенті Нұрислам Асанхан

3-орын – педагогикалық институттың студенті Мәди Жарасбек.

 

74 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанғандардың барлығы педагогикалық институттың студенттері:

1-орын – Ақжол Қонысбай

2-орын – Бақыткерей Сабыров

3-орын – Айтбай Дощан

 

74 келіден артық салмақта:

1-орын – педагогикалық институттың студенті Асылбек Хайдар

2-орынды да педагогикалық институттың студенті Темірлан Сәбитбек иеленді.

3-орын – экономика және құқық институтының студенті Батырлан Қазым.

 

ҚОЛ КҮРЕСІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

66 келіге дейінгі салмақта:

1-орын – инженерлік-техникалық институттың студенті Ермұхан Баймұханов.

2-орын – экономика және құқық институтының студенті Давид Коканов

3-орын – педагогикалық институттың студенті Ерсұлтан Сатыбалды.

 

80 келіге дейінгі салмақта:

1-орын – педагогикалық институттың студенті Денис Долгашов

2-орын – инженерлік-техникалық институттың студенті Виталий Ельшов

3-орын – педагогикалық институттың студенті Абай Нұрбаев.

 

80 келіден жоғары салмақта:

1-орын – инженерлік-техникалық институттың студенті Владислав Кокубасов

2-орын – педагогикалық институттың студенті Шыңғыс Жұмағұлов

3-орын – педагогикалық институттың студенті Ерсұлтан Мырзахан.

Тоғыз құмалақтан ерлер арасында жеңімпаз атанған – педагогикалық институттың студенті Алмас Жоламанов. 2-орын да осы институттың студенті Шыңғыс Саржановқа бұйырды. Ал 3-орын экономика және құқық институтының студенті Диас Бірімжановтың еншісінде.

Қыздар арасында тоғызқұмалақ ұлттық ойынының жеңімпаздары экономика және құқық институтының студенттері:

1-орын – Фарида Қастай,

2-орын – Самира Темірбаева,

3-орын – Ақниет Құрманова.

 

КОМАНДАЛЫҚ ЕСЕП БОЙЫНША 1-орынды педагогикалық институт жеңіп алды.

2-орынды экономика және құқық институты қанжығасына байлады

3-орында инженерлік-техникалық институт.

4-орынға ауылшаруашылық институты лайықты деп танылды.

 

 

 

Қабылдау комиссиясы