Baitursynuly University-де ҚӨУ КВН Лигасының жаңа маусымы бастау алды: эмоциялар, сахнада энергия, залда тоқтаусыз күлкі. 2025/2026 маусымы ресми түрде ашық!
Университеттік әзіл әлемінің жаңа жұлдыздары да анықталды.
Биыл Лига үшін ерекше жыл – жобаға 20 жыл толды!
Мерейтойға орай ешкім шеттетілмей, барлық команда жартылай финалға өтті. Нағыс тартыс енді басталмақ.
Сахна төріне 7 команда шықты:
Зал ду күлсе, қазылар алқасы әр әзілді қалт жібермей бағалады.
Қарабалықтық командаға респект! Ойынға жаңа серпін сыйлап, атмосфераны қыздыра түсті!👏
Жүлделер иегерлері:
Үздік актриса – Ульяна Петрова («Горький Style», Қарабалық)
Үздік актёр – Давид Черновольский («Status», ФСХН)
Үздік дыбыс режиссері – Мирас Курганбаев («FAN», ПИ)
Фестиваль Кубогын «Status» командасы жеңіп алды!
Әр командаға ҚӨУ ректоры Сейтбек Қуанышбаев атынан алғыс хат пен жартылай финалға жолдама табысталды.
– Белсенділігімен қуантқан командаларға және қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс білдіреміз. Бұл күннің ерекше болуына сіздер себепкер болдыңыздар. Бірге – жаңа биіктерге! – деді ҚӨУ жастар саясаты басқармасының басшысы Диана Ракпанова.
Әзіл-әлем мерекесін сыйлаған барша ұйымдастырушыларға көп рақмет! ҚӨУ Лигасы ұзақ жасасын!
Жартылай финалды тағатсыздана күтудеміз!














