22 сәуір күні А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ректорының кубогы үшін Жайдарман ойыны өтті. Ойын екі конкурстық кезеңдер, «сәлемдесу» және «5 жаңалық» сайыстарынан тұрды.
Оқу ордамыздың «Аты жоқ», «Калифорния», «Байтұрсынов құрамасы» командалары мен «Рудный жастар құрамасы», сондай-ақ Қостанай қаласының №15 мектебінің «Қысқа да нұсқа» командалары өзара бақ сынасты.
Сайыс қызықты да тартысты өтті. Команда мүшелері жақсы дайындықпен келгендерін көрсетті.
Әділ қазылардың әділ шешімімен ҚӨУ-нің ректоры кубогы №15 мектептің «Қысқа да нұсқа» командасына табысталды. Үздік ойыншы номинациясына «Аты жоқ» командасының мүшесі Аяжан Алтайкызы лайық деп танылды.