object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-24 00:11:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН ӨТКЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының Қылмыстық құқық және іс жүргізу кафедрасы университет пен Қостанай облысының полиция департаменті арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Қатысушылар «Құқықтану», «Халықаралық құқық», «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламалары аясында Қостанай облысының полиция департаменті мен П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының өзара іс-қимылының басым бағыттарын жетілдіру мәселелерін талқылады.

Айта кету керек, Қостанай облысының полиция департаменті – университеттің стратегиялық серіктестерінің бірі. Жыл сайын «Құқықтану» білім беру бағдарламасының шамамен 50-60 студенті ішкі істер органдары қатарында тәжірибеден өтеді және бұл студенттердің органда жұмысқа орналасу мүмкіндігі ұлғаяды. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері оқу үрдісіне лектор ретінде белсенді қатысады, ғылыми және тәрбиелік маңызы бар іс-шараларға жиі қатысады.

Дөңгелек үстелге: Қостанай облысының полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев, кадр саясаты басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Қуаныш Дюсебаев, криминалистика басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мират Ченемесов, тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі Нұрлан Арыстанов қатысты.

Өз кезегінде «Қылмыстық құқық және іс жүргізу» кафедрасының оқытушылары Қостанай облысының полиция департаменті базасында кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілігін арттыру мүмкіндіктері туралы ұсыныс жасап, ішкі істер органдарының практикалық қызметінің өзекті мәселелері бойынша студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуі туралы әріптестерін хабардар етті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша институт пен Қостанай облысының полиция департаменті арасындағы ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Қабылдау комиссиясы