ҚӨУ ұжымы жыл басы – Әз-Наурызды ерекше қуанышпен, зор дайындықпен қарсы алып жатыр.
Жаңа күн, жаңа серпін және жарқын үміт! Дәл осындай көтеріңкі көңіл-күймен университетте Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерттер бастау алды.
Бұл шығармашылық эстафетаны алғашқы болып Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультеті тізгіндеді.
Студенттер тамаша бағдарлама әзірлеген: көпшіліктің көңілінен шыққан әуезді әндер шырқалып, күмбірлеген күй төгілді, ал рухты «Қара жорға» биі кештің көркін қыздырды.
Көрермендер үшін ең ерекше тосынсый – ұстаздардың орындауындағы би болды. Сахна төріне шыққан ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің оқытушылары өз өнерлерімен жұртшылықты тәнті етті. Бұл сәт концерттің ең жылы әрі әсерлі бөлігіне айналып, көрермендердің ыстық ықыласы мен толассыз шапалағына бөленді.
Мерекелік эстафета жалғасуда!










