ҚӨУ Smart-орталығы нағыз зияткерлік айқас алаңына айналды. Мұнда 64 шаршылы дойбыдан Қазақстан чемпионаты өтті.
Еліміздің 16 өңірінен келген 76 спортшы классика, рапид және блиц бойынша бақ сынасты.
Мақсат – үздіктерді анықтап, жас таланттарды қолдау және дойбының ой мен сабырдың ойыны екенін көрсету.
Baitursynuly University төрінде ерлер мен әйелдер, 23 жасқа дейінгі жастар мен 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер бас қосты.
Елдің түкпір-түкпірінен келген ойыншылар жарыстың ажарын ашып, алаңда тартыс қызды. Әр жүріс жеңіске бір табан жақындатты.
Чемпионатты Қостанай облыстық жастар дойбы федерациясы ұйымдастырды. Турнирдің жетекшісі – ҚӨУ «Сұңқар» спорт клубының аға оқытушысы Арман Какашев.
Бұл чемпионат Baitursynuly University-дің зияткерлік және спорттық орта ретінде дамып келе жатқанын дәлелдеді.
Айтпақшы, бұл үйірмеге ҚӨУ-дің 1-2 курс студенттері ғана қатыса алады. Ол үшін дене шынықтыру пәнінен «интеллектуалды ойындар» бағытын таңдау қажет.
Байланыс нөмірі: 8-777-027-18-88 (Арман Қаршалықұлы).