Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында KozQaras 2025 қысқаметражды деректі фильмдер фестивалінің IV маусымы өтті. Байқау бағдарламасында төрт университеттің студенттері ұсынған 14 жұмыс «Журналистика» және «Режиссура» номинацияларында бақ сынасты.
Фильмдерді бағалаған қазылар алқасының құрамында: Валерия Сулейменова – «Алау» телеарнасының редакторы; Алматай Жусупова – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының профессоры; Яна Гарькуша – «Наш Костанай» газетінің тілшісі, деректі фильмдер авторы; Владимир Файль – мобилограф.
3-курс студенті - Аяжан Шадыханова (ҚазҰӨА) “Ерболат Касымович” фильмімен “Режиссура” номинациясының жеңіп алды. Жетекшісі – экран өнері режиссурасы кафедрасының аға оқытушысы Айнур Ахметжанова. «Журналистика» номинациясында 4-курс студенті Кристина Фритц (ҚӨУ) түсірген «Чистый город» эксперименталды фильмі жеңімпаз болып танылды. Жетекшісі – журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы Айнур Сулейменова.
Қазылар алқасынан бөлек, 26-27 ақпанда өткен кино көрсетілімге қатысқан студенттер, оқытушылар мен мектеп оқушылары да өз бағасын берді. «Режиссура» номинациясындағы «ZHETPIS» (жетекшісі – Аскар Дуйсебаев) және «Шеберханада» (жетекшісі – Болат Калымбетов) фильмдері көрермендердің қызығушылығын тудырды. Бұл жұмыстардың авторлары - Алика Чернышова мен Қайсар Бекешев көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды.
Ал «Журналистика» номинациясында көрермендер таңдауы - Алина Грозных, Карина Колисенова және Алексей Таах түсірген «За дверью» атты үй жануарлары туралы фильмге түсті (жетекшісі – Айсұлу Мұханбетжанова).
KozQaras 2025 фестивалі - студенттік деректі фильмдердің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеп, бұл жанрды медиа білім беру саласында дамытудың маңыздылығын көрсетті.