А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институтының «Әдістемелік жаңашылдықтар панорамасы» аясында «Электр энергетикасы» мамандығының 2-курс студенттерінің қатысуымен «Эрудиттер сайысы» интеллектуалдық ойыны өткізілді. Ойынға үш команда қатысты.
Әр команда өз ұранымен, эмблемасымен таныстырды, ал сайыстың сұрақтары электротехника саласындағы тақырыптарды қамтыды:
Сайыс тартысты, қызықты өтті. Нәтижесі: Құрамына Алдияр Ахметов, Александра Бельцова және Антон Крамарчук бар «220В» командасы 1 орынды жеңіп алды. Олар «Золотая голова» дипломымен марапатталды.Наиль Давлетшин, Диана Коккузова және Кристина Молибоженко - «Люкс» командасы 2-орынды иеленді. Оларға «Светлая голова» дипломы берілді. Ал 3-орын Тілеген Абитов, Әділет Оразымбетов және Жасұлан Жантілестің «Кчао» командасына бұйырды.