2023 жылғы түлектерді жұмыспен қамту айлығы аясында Мансап және жұмыспен қамту орталығы әлеуетті жұмыс берушілермен, «Жемчужина Стомед» медициналық орталығының қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды. Медициналық орталық қызметкерлері бос жұмыс орындары, мансаптық мүмкіндіктер мен емханалар желісінде жұмысқа орналасудың артықшылықтары туралы айтты.
Сондай-ақ, алдағы уақытта өтетін «Ашық есік күніне» «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Маркетинг», «Экономика», «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттерін шақырды.
Кездесу соңында университет пен медициналық орталық ынтымақтастық келісімге қол қойды. Аталмыш келісім біздің студенттерге «Жемчужина Стомед» МО-да тәжірибеден өтуге, сондай-ақ университет түлектерінің жұмысқа орналасуына жақсы мүмкіндік береді.