object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-19 16:14:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Тарихи квест

Ғылым апталығы аясында П.Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры Ерден Ибраев «Қазақ ағартушылары шығармалары ізімен» атты облыстық тарихи-өлкетану музейінің залдарында тарихи квест өткізді.

Квест Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Ғабиден Мұстафин және Ғабит Мүсіреповтің мерейтойларына орай ұйымдастырылды. Оған 6В02201 – Тарих мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Квест тапсырмалары фотосуреттердегі үзінділер бойынша экспонаттарды іздеу және атауларын атаумен байланысты болды. Іс-шара қызықты және тартысты өтті.

Қабылдау комиссиясы