object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 22:20:25.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Деструктивті діни ағымдардың зияны мен залалы»

Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - деструктивті идеологиялардың таралуы. Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуы. Мұндай ұйымдар тұлғаның рухани, психикалық және физикалык жағдайына қауіпті. Көбіне олар мемлекеттік стандарттар мен нормаларға, дәстүрлі дінге қарсы, мойындамайды. Сонысымен де қоғам үшін қауіпті және деструктивгі ағымдарда жасырын психологиялық зорлық қолданылады.

Осы және басқа да мәселелер төңірегінде әңгіме өрбіген онлайн-кездесу А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің студенттері мен Қостанай облысы әкімдiгінің дiн iстерi басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиевпен және Түркебай мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәліковпен өтті.

Кездесуді ұйымдастырған А.Айтмұхамбетов атындағы Инженерлік-техникалық институты директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары - Қуаныш Есiмханов.

Қазіргі қоғамда дінге бет бұрған жастар көп. Солардың кейбірі ислам дінін әртүрлі уағыздап жүрген экстремистік ұйымдардың ықпалына түсіп қалып жатады. Діни сауаттылық болмағандықтан буыны беки қоймаған бозбалалар мен бойжеткендер арам пиғыл жандардың сөзіне ұйып, артынан ереді. «Интернеттегі, не болмаса түрлі әдебиеттердегі ақпаратты саралай білген жөн. Діннің дұрыс бағытын ажырата білу керек»,-дейді Түркебай мешітінің бас имамы Есет Ғабдімәліков.

Теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы – халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға «сенімді дос» болуға тырысады. «Жастарға қолдау көрсетеміз» деген ұранмен жас өспірімдерге арналған спорттық жарыстар, түрлі іс-шаралар ұйымдастырады. Қамқорлықтың астарында деструктивтік бағыттағы уағыздар мен сананы улау жатады.

Қостанай облысы әкімдiгінің дiн iстерi басқармасының бас маманы Сапарғали Абдиев онлайн-кездесуге келген жастарды діни сауатты болуға, өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды. Сондай-ақ теріс ағымдағы әдебиеттерді сақтау мен жат уағыздарды таратудың салдары туралы айтты. Мұндай заң бұзушылықтар жауапсыз қалмайды, әкімшілік жауапкершілікке тартылады, 100 минималды есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді.

Қабылдау комиссиясы