object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-12 06:03:48.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Қазақтың қызыл жебесі» танымдық-интеллектуалдық сайысы

А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де Ұлттық тәрбие және кәсіби бағдар беру бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекет және қоғам қайраткері, халық жазушысы Ш.Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақтың қызыл жебесі» танымдық-интеллектуалдық сайысы өтті. Іс-шараны өткізуге «Тіл және әдебиет теориясы» кафедрасының 3 курс студенттері белсенді атсалысты. Сайыс білім, өнер, шығармашылық ізденістер бойынша 4 кезеңнен тұрды:

Білім додасына педагогика институтының әр түрлі мамандықтарында оқитын 8 команда қатысып, білімдері мен тапқырлықтарын танытты. Қазылар алқасының құрамында оқу орны оқытушыларымен қатар Ы. Алтынсарин мұражайының директоры Марғұлан Оспанов, Ілияс Омаров атындағы Қазақ драма театрының актері Ғабит Қызыров болды.

Интеллектуалдық ойынды университетіміздің Тәрбие және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков пен оқу орны оқытушылары, студенттері тамашалады. Институттың кіреберісінде облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Шерағаңның шығармашылығы мен өнегелі өмірінен сыр шертетін кітаптар көрмесін ұйымдастырды.

Сондай-ақ арнау өлеңдер оқылып, әдемі әндер шырқалды. Сайыс соңында оза шапқан үздіктер анықталды:

Қабылдау комиссиясы