object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 09:18:34.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Интеллектуалдық ойындар

17 қарашада әлем бойынша Халықаралық студенттер күні аталып өтеді. Осыған орай, алдағы апта Baitursynuly University ең үздік, ақылды, шығармашыл және позитивті студенттеріне арналады.

Мерекелік марафонды «Спарта» интеллектуалды клубы ұйымдастырған «Логика қайда?» ойыны ашты. Ақыл-ой тартысында барлық факультеттер мен Ө. Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың командалары қатысты.

Студенттер кино, музыка, әдебиет саласындағы білімдерін көрсетті. Олар эмодзилер бойынша әдеби шығармаларды, суреттер бойынша афоризмдерді, саундтректер арқылы фильмдерді тапты. Сонымен бірге, көпшілікке танымал мэшаптар да болды, мұнда қатысушылар бір-біріне қосылған әндерді анықтауға тырысты.

Мерекелік ой жарысы өте сәтті өтті. Барлық қатысушыларға теңдессіз эмоциялар үшін рахмет!

Интеллектуалдық сайыс нәтижелері бойынша орындар былайша бөлінді:

Экономика және құқық факультеті мен әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті командалары қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды.

Қабылдау комиссиясы