5 сәуір күні ҚӨУ-де А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай студенттер арасында «Жайдарман» ойыны өтті.
Ректор кубогына 7 команда таласты, алтауы Қостанай өңірлік университетінің командалары, сырттан келген команда – Арқалық педагогикалық университетінің құрамасы. Ойын екі сайыстан тұрды: сәлемдесу және қайым айтыс. Жайдарманшылар бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді қозғады. Мәселен, «Нұр-Отан» партиясы атауының «Аманат» атауына ауысуы, жаңа облыстардың ашылуы жайлы өз ойларын әзілмен жеткізді. Студенттерге тікелей қатысы бар тақырыптар да назардан тыс қалмады. Шәкіртақы, жатақхана мәселесі, студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы – «Жайдарман» ойындарының тұрақты тақырыптары.
Жалпы сайыс тартысты өтті. Қоғамдағы өзгерістер мен құбылыстарды әзілмен астарлаған командалар жан-жақтылығымен, ой ұшқырлығымен тамсандырды. Қызықты ойынның нәтижесі төмендегідей: