Концерттік бағдарлама қызықты, әрі мазмұнды болды: сахнада әуелете ән шырқалды, ал ырғақты билер мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бір сөзбен айтқанда, мерекелік шара жаңару, бірлік пен ұлттық мәдениетіміздің байлығын сезіндіре білді.
Қонақтардың назарына «Сырға салу» рәсімін көрсететін қойылым ұсынылды.
Бұл – қыз ұзатуға дейінгі ең жауапты кезеңдердің бірі, екі әулеттің жақындасуын және некеге келісімді білдіреді.
Студенттер қойылымда аталмыш ғұрыптың терең мағынасын, отбасы құндылығын, ұрпақтар сабақтастығын көрсете білді.
Мерекенің ажырамас бөлігі, берекелі, мол дастархан жайылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татты.
Университет ректоры Сейітбек Қуанышбаев құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, Экономика және құқық факультетінің студенттері мен оқытушыларына мерекелік көңіл-күй сыйлағандары үшін алғыс білдірді.












