Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайында П.Чужинов атындағы экономика және құқық институтымен бірлесіп ұйымдастырылған этникалық фестиваль өтті.
Фестивальда қазақ, орыс, украин, өзбек, шешен, ингуш, корей және әзірбайжан ұлттарының дәстүрлері мен мәдениеті, ұлттық тағамдары ұсынылды. Олардың әрқайсысы әртүрлі нөмірлер дайындады: ән, би, сонымен қатар әр ұлттың салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Фестиваль қонақтары Қазақстанда тұратын түрлі ұлттардың асханасынан дәм татты.