object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:45:30.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«ТАБИҒАТ ОРТАҚ ҚАЗЫНАМЫЗ» ФЕСТИВАЛІ

Халықаралық «Жер күні» қарсаңында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-де «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясы өтті. «Табиғат ортақ қазынамыз» деген атаумен өткен фестивальды ұйымдастырудағы негізгі мақсат – табиғи қорықтарды, ұлттық және табиғи саябақтарды, жалпы табиғатты, экологияны сақтау, қорғау. Акция Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының бастамасымен облыс бойынша жыл сайын өткізіледі.

Акцияға Наурызым мемлекеттік қорығының басшысының орынбасары және ғылыми қызметкер Марина Зейнелова, экология бөлімінің басшысы Жасұлан Қазымжан қатысты, мұндай шаралардың маңызы туралы айтты. Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының жаратылыстану пәндері кафедрасының студенттері мен шетел филологиясы және т.б. кафедралардың студенттері «Табиғатымыздың жағдайын жақсарту үшін қандай шара қолдануға болады?» деген тақырыпта қабырға газеттері байқауын өткізді.

Қабылдау комиссиясы