Baitursynuly University студенттері жыл сайынғы қайырымдылық кешінің қорытындысы бойынша балалардың еміне екі миллионнан астам ақша аударды!
⠀
Бұл дәстүрлі шара ешқашан көмек қолын аямайтын студенттердің жанашырлығымен, әсем атмосферасымен ерекше.
⠀
ҚӨУ студенттері үш жасар Темірлан Галиуллиннің еміне көмек беру мақсатында бір ай бойы қайырымдылық жәрмеңкелері мен шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырды.
⠀
Темірлан «Өмір алақандағыдай» жобасының («КН» газеті) @jizn_na_ladoni @kstnews.kz кейіпкері. Темірланда ДЦП-ның ауыр түрі. Алайда, бала шынымен ересек адамдарға тән ерлік танытып, денсаулығы үшін күресуде.
⠀
Қытай клиникасында емделу үшін қажетті қаражатқа тағы бір жарым миллион теңге жетіспеген еді. Дәрігерлердің айтуынша, бұл ем балаға аяққа тұрып, сөйлеуге мүмкіндік бере алады.
⠀
Студенттер игі іс нәтижесін жыл сайынғы Қайырымдылық балында қорытындылады. Олар бәрін таңқалдырды!
⠀
Біздің студенттеріміз қажетті сомадан да көп ақша жинады.
827 мың теңге тағы бір жоба қатысушысы, 17 жасар Аружан Тажибаеваға аударылды. Аружанға аяққа тұрып кету үшін операция керек. Оның арманы - ҚӨУ студенті атану. Денсаулығының қиындықтарына қарамастан, ҰБТ-ға белсенді дайындалуда.
Біз алдағы уақытта Аружан туралы толығырақ айтатын боламыз.
⠀
Би өнері туралы айтпай кетуге болмас. Әр түрлі кезеңдердегі би бағыттарына қызықты саяхат болды. Әрине, тамсандыратын вальс та назардан тыс қалмады.
Жарайсыңдар, ҚӨУ студенттері!
⠀
Ерекше көзге түскен сегіз қырлы, бір сырлы студенттеріміз:
Қазіргі заман вальсі. Қоюшы - Дарина Майлибаева
Контрастты вальс. Қоюшы - Наргиз Хабиева
Классикалық вальс Қоюшы - Анель Кенжегулова
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Айта кететін жайт, хореограф, биші, кәсіби деңгейдегі әртістерден құралған қазылар алқасы қатал болса да, әділ шешім қабылдады.
Факультеттер мен институттың белсенді студенттері де қатысқаны үшін дипломдар мен біздің демеушілеріміздің естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Демеушілеріміз бен серіктестерімізге қолдау көрсеткендеріңіз үшін ерекше алғыс айтамыз!