«Ұлттық спорт күні» Baitursynuly University студенттерінің ерекше белсенділігі мен салауатты бәсекелестік көңіл-күйіне куә болыңыз!
Наурызнаманың мерекелік онкүндігіне орайластырылған жарыстарға Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың он кафедрасының студенттері қатысты.
Спортшылар Арқан тартыс, гір спорты, армрестлинг, ал ептілік жағынан – Бес табан және Асық ату ойындарында күш көрсетті.
Жанкүйерлер қатысушыларды белсенді қолдады. Әсіресе қол күрескен үстелдердің жанында қиқу көбірек болды. Артем Моргун (75 салмаққа дейін) және Анатолий Шидловский (75 + салмақта) әсерлі нәтижелер көрсетті.
Тіпті, мұғалімдер де есептен тыс өз күштерін сынап көріп жатты.
Командалық және жеке сайыс жеңімпаздарына грамоталар мен кубоктар табыс етілді. Кейбір спорт түрлерінде үш емес, әртүрлі салмақ санаттарын ескере отырып 9 жүлделі орын (!) белгіленді.
Жалпы, достық жеңді! Бұл басқаша болуы мүмкін емес еді, өйткені Наурыз – мейірім және достық мерекесі.