object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 01:19:37.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ДЕБАТ ТУРНИРІ

15-16 сәуір күндері А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің «Парасат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» атты республикалық турнир өтті.

Турнирға Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Петропавл қалаларынан 24 фракция, 48 пікірсайысшы қатысты.

Сөз додасы тартысты өтті. Командалар жақсы дайындықпен келіпті, тақырыпты аша білді. «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» ғашықтар күні туралы ойларымен бөлісті.

Турнир нәтижесі төмендегідей:

1 орынды Қарағанды қаласының студенттері Мақсат Муқанов пен Айсұлу Бисолтан жеңіп алды;

2 орынға да қарағандылық студенттер Пазылханқызы Рабиға мен

Бердібай Самал лайық деп танылды;

3 орын ақтөбелік пікірсайысшылар Асхат Есенов пен Жанат Ақырапқа бұйырды;

Турнир финалисттері: Ислам Габдулхали және Әлім Габдулхали (Алматы қаласы).

 

«ЖАСТАР АЛАҢЫ» бойынша жеңімпаздар:

1 орында астаналық студенттер Дулат Серіков және Айдын Әбуталиев;

2 орынды Қарағанды қаласының пікірсайысшылары Ералы Ғаниұлы мен Жаннұр Ескермес иеленді;

3 орын қарағандылық Әліби Бағдат пен Аружан Бахытқа тиесілі;

Финалисттер: Гүлназ Мұханжан және Әсел Рахимбаева (Астана қаласы).

Турнирдің «ҮЗДІК СПИКЕРІ» – ӘлиАсқар Шөлібай (Астана қаласы);

Жастар алаңының «ҮЗДІК СПИКЕРІ» – Жаннұр Ескермес (Қарағанды қаласы).

Турнирден тыс өткізілген номинация жеңімпаздары:

Үздік делегация – «Shyn» пікірсайыс клубы (Петропавл қаласы);

Турнирдің «Қыз Жібегі» – Аяулым Муқанова (Павлодар қаласы);

Турнирдің «Төлегені» – Жандос Тайлақов (Көкшетау қаласы);

Үздік төреші Оғабек Шамитдинов (Қостанай қаласы);

Үздік ұйымдастырушы Ботагөз Байкенова (Қостанай қаласы);

Үздік гид Ыбырай Сабыржан (Қостанай қаласы).

Турнир жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз, сәттілік серіктеріңіз болсын!

Қабылдау комиссиясы