Демалыс күндері ҚӨУ-дың Smart-орталығында өткен КОРЕЙ МӘДЕНИЕТІ фестиваліне жүздеген көрермен жиналды.
Шараны Baitursynuly University-дағы Сечжон Король атындағы институт ұйымдастырды. Бұл институтта кез келген адам корей тілін тегін үйреніп, олардың мәдениеті мен дәстүрлерімен таныса алады. Институт ҚӨУ серіктесі – Dong-Eui университетімен (Оңтүстік Корея) бірлесіп ашылған.
Фестиваль интерактив форматта ұйымдастырылып, костанайлықтар зор қызығушылықпен тамашалады – көрермендердің көптігі бұл сөзсіз дәлел.
ДӘСТҮРГЕ САПАР
Қонақтарды этнокөркем корей бірлестігінің белсенділері шын ықыласпен қарсы алып, дәстүрлі корей ойындарын бірге ойнауға шақырды. Бұл ойындар соңғы кезде «Игра в кальмара» картинасынан кейін ерекше танымалдыққа ие болды. Әрбір қонаққа корей тіліндегі кітаптар сыйға тарталды.
K-POP DANCE BATTLE
Сегіз костанайлық жастар ұжымы K-POP стилінде би алаңын толық қыздырып шықты. Көрермендер оларды шын көңілмен қолдап, қуанышқа бөленді. Қазылар алқасы ең үздіктерді таңдай алмай біраз ойланып, соңында жеңіс Fancy жастар ұжымына бұйырды.
K-SPICE Challenge
Ең ащы рамёнге кім қарсы тұра алмақ? Ұйымдастырушылар батылдыққа шақырып, жастар төзімділікті сынауға кірісті. Үш раунд, үш порция, үш деңгейдегі ащылық! Бір рамёнді жеуге тек 4 минут уақыт берілді. Финалға жеткен әр қатысушы естелік сыйлыққа ие болды. Ал ең ащысын төзімділікпен жеп шыққан – Санжар Габдуали атанды!
ХАНБОКТЫ КИІП КӨРУ
Костанайлықтар үшін ұлттық киімдерді киіп көру – нағыз ерекше сәт болды. Қонақтар көп болғандықтан, бұл іс шарадан кейін де жалғасын тапты.
Сонымен қатар, шарада корея мәдениеті туралы викторина өтіп, қатысушылар түрлі ерекше сыйлықтармен марапатталды. Ал қызықты әңгімелер мен жаңа таныстықтар шарадан соң өрби түсті.
Костанайда алғаш рет ұйымдастырылып, сәтті өткен корей мәдениеті фестивалімен Сечжон Король атындағы институтын шын жүректен құттықтаймыз!

















