Baitursynuly University кітапханасында (Пушкина көшесі, 136) «Шебердің қолы ортақ» - «Рукотворное волшебство» атты ерекше көрме ашылды.
Көрмеде университетіміздің педагогтары, қызметкерлері мен студенттерінің жұмыстары ұсынылған.
Бір ғана қарапайым шарт - экспонат қолдан жасалуы тиіс.
Нәтиже таңқаларлықтай! Декоративті-қолданбалы өнер туындылары: тігу, пэчворк, аппликация, кесте тігу, тоқу, оймалау, ойып өңдеу, сурет салу, мозаика, тоқу (бамбук, ағаш қабығы, моншақ, ою-өрнек, макраме, лоза, торқап), бояу (хохлома, батик), саз балшықтан мүсін жасау және басқа да қолөнер бұйымдары. Жарайсың, ҚӨУ!
Ұйымдастырушылар кітапхана мен мектепке дейінгі және мектептегі оқыту кафедралары мен кадрлар бөлімінің қосқан үлесін ерекше атап өтті.
Бұл бастаманың мақсаты - А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ қоғамдастығының қызығушылықтары мен хоббилерін көрсету. Нәтижеден байқағанымыздай, біздің ұжым ғылымда да, шығармашылық саласында да алдыңғы қатарда.
Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. Міндетті түрде барып, көрмені тамашалауға кеңес береміз!
P.S. Көрмеге әлі де экспонаттар қабылдануда. Олардың бүтіндігі мен сақталуына кепілдік береміз. Байланыс телефоны: 8-705-988-87-86.