object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-10 19:43:51.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Қайырымдылық кино кеші

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институттың акт залында неміс және еврей ұлтының балаларының арасындағы достықты бейнелейтін «Жолақты пижамадағы бала» (Мальчик в полосатой пижаме) фильмі көрсетілген қайырымдылық кино кеші өтті.

Фильм Ұлы Отан соғысы жылдарындағы шынайы жағдайды суреттейді. Сюжеттің моральдық мәні – мейірімділікке, адалдыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар өзгеге ор қазбау керектігін жеткізеді.

Барлық жиналған қаражат А.Айтмұхамбетов атындағы инженерлік-техникалық институттың 1 курс студенті Анатолий Незнамовқа аударылды (диагнозы: Балалардың спастикалық церебральды сал ауруы).

Кино кеш барлық карантиндік шараларды сақтай отырып өткізілді. Фильм көрсетілімінен кейін студенттер өз ойларымен, алған әсерлерімен бөлісті.

Қабылдау комиссиясы