Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, республикалық бағдарлама аясында Алғыс айту күніне арналған бірқатар іс-шара өткізді.
Онда қоғамдағы ұлтаралық бірліктің рөлі және оны сақтаудың маңыздылығы туралы айтылды. Тартып айтқанда, оқушыларға қазақ этносының негізі және байланыстырушы буыны болып табылатын қазақстандық көпұлтты қоғамды қалыптастырудың негізгі кезеңдеріне тоқталды.
Мұнда басты сұхбаттасушымыз өскелең ұрпақ. Ал елімізде халықтың 60%-дан астамы жастар болғандықтан, олар бірлік пен тұрақтылық, заң мен тәртіп, патриотизм, гуманизм, кәсібилік, еңбекқорлық және адамдарға ризашылық сияқты жалпыадамзаттық құндылықтар туралы да көтерілді. Олардың барлығы еліміздің басты ұраны «Әділетті Қазақстан – саналы азамат» болып табылатын жаңа Қазақстанды айшықтап тұр.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының сарапшысы, аталған кафедраның қауымдастырылған профессоры Айбек Шалғымбеков Қостанайдағы №18, 8 және 22 мектептерде кездесулер өткізді. Сонымен қатар, ол А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ұсынған мүмкіндіктерімен қоса, кәсіптік бағдар беру мәселелеріне де назар аударды.