Қостанайдағы білімнің қара шаңырағы ҚӨУ-де аты аңызға айналған «BAITURSYNULY CUP – XX» республикалық дебат турнирі өтті. Биылғы доданың жөні бөлек, өйткені бұл – мерейтойлық 20-шы маусым!
Биылғы пікірсайыстың өзегі – «Заң мен тәртіп» тақырыбы болды. Қатысушылар сындарлы ой мен бұлжымас уәждің нағыз «суперкүш» екенін дәлелдеп бақты.
Турнирге Қазақстанның әр түкпірінен келген 32 команда қатысты. Олардың арасында мектеп оқушылары, колледж студенттері және сұрақ қоюдан қорықпайтын, шындықты іздеген жалынды жастар бар.
Турнирдегі басты тақырып «Заң және тәртіп» қағидасы болды.
Құбылмалы заманда құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілік – тұрақты қоғамның басты тірегі. Қатысушылар құр жарысып қана қоймай, ел ертеңіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, өз шешімдерін ұсынды.
Бұл дода оларды саналы азамат болуға баулыған нағыз өмір мектебі болды десек артық емес.
ҚОРЫТЫНДЫ
ФИНАЛИСТЕР
Екі күнге созылған тартыста қатысушылао шешендік өнердің, дәлелді уәж айтудың және қарсыласын тыңдай білудің үздік үлгісін көрсетті. Бұл дағдылар тек сахнада емес, өмірдің кез келген белесінде қажет.
Бүгін мінберде отқа оранып сөйлеген жастар – ертеңгі білікті заңгерлер, қоғам қайраткерлері және еліміздің құқықтық мәдениетін қалыптастыратын тұлғалар.





