object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 21:19:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

BAITURSYNULY CUP XVIII» республикалық пікірсайыс турнирі

2024 жылдың 24-25 ақпанында «Ахмет ұрпақтары» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылған «BAITURSYNULY CUP XVIII» республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге Астана, Павлодар, Ақтөбе,Орал, Семей, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Қостанай қалаларындағы 10 ЖОО командалары қатысты, барлығы 11 пікірсайыс клубы, 36 фракция, 72 спикер қатысты.

Турнир нəтижелері:

Турнир төрт іріктеу кезеңінен тұрды, содан кейін жартылай финал мен финал өтті, ал төрт іріктеу кезеңінен кейін парламенттік пікірталасқа бір жылдан аз тəжірибесі бар спикерлер жас командалардың финалына қатысты.

Төрт іріктеу кезеңіндегі төрешілік нəтиже бойынша "Үздік төреші" номинациясында Амангельдиева Қымбат (Қостанай, «Ахмет Ұрпақтары» пікірсайыс клубы) жеңіске жетті. 30 000тг қаржылай сертификатпен марапатталды.

Жоғары спикерлік ұпаймен ЛД финалының «Үздік спикері» Жанбаев Ерназ жеңіске жетті, 20 000тг қаржылай сертификатпен марапатталды.

Жастар финалында Минутова Эльнара, Муратбек Шұғыла (Көкшетау қаласы, «Зияткер» пікірсайыс клубы. Жеңімпаздар 30 000тг қаржылық сертификатпен марапатталды

Негізгі алаң финалисттері Асхат Дарханұлы, Нуртас Нұрай ( Орал, «Заман Біздікі» ПК), Жалмұқан Ерсұлтан Аманқосұлы,Бозова Зарина Бейбитовна (Орал, «Ақиқат» ПК), Алпысбайұлы Биболат,Сапарғали Батыржан (Ақтөбе, «Заман Біздікі» ПК)

Барлық финалисттер 60 000тг қаржылай сертификаттармен марапатталды.

Негізгі алаң 1 орын жеңімпаздары Балабек Аяулым, Еркін Айым (Семей,«Парасат» ПК).

Қабылдау комиссиясы