object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-20 04:24:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Baitursynov Cup-2023

25-26 ақпан аралығында оқу ордамызда Baitursynov Cup-2023 халықаралық пікірсайыс турнирі өтті. Турнирге Қазақстанның қалалары мен Ресей, Израиль елдерінен барлығы 40 команда қатысты.

Қатысушылар қатарында студенттер мен мектеп оқушыларынан құралған командалар болды. Олар екі күн бойы пікірталас алаңында өз позицияларын берік дәлелдермен қорғауға тырысып, білімдерін жоғарғы деңгейде көрсете алды.

Турнирдің бас төрешілері: Қостанай қаласынан Диас Ержанов, Астана қаласынан Алинура Армирова және Көкшетау қаласынан Жетпісбай Қожаберген.

Турнирдің жеңімпаздары – Ресей ЖОО-ның студенттері Алексей Пахомов пен Никита Лихановтың командасы. Олар жоғары дайындық пен сөз саптауда шеберлік танытты.Турнирде жеке номинациялар да болды. Анатолий Лян (Қостанай қ.) үздік спикер атанды, Санжар Мұқашев пен Алина Крунның командасы (Тобыл қаласының мектеп-гимназиясы) үздік жаңа команда атағына ие болды. Ең үздік жас спикер – Сергей Герцель (ҚӨУ-нің студенті). Турнирдің үздік төрешісі болып Вадим Косолапов (ҚӨУ-нің студенті) танылды.

Жалпы, Baitursynov Cup-2023 турнирі өте қызықты әрі нәтижелі өтті. Қатысушылар баға жетпес тәжірибе жинақтап, пікірсайыстағы шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік алды, ал көрермендер сапалы, әрі әсерлі сөз додасын тамашалады.

Қабылдау комиссиясы