Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің 1-курс студенттері арасында «Наурыз – татулық нышаны» атты ұлттық спорт - Қазақ күресінен жарыс өтті. Спорттық сайысты өткізуге мұрындық болған дене шынықтыру және спорт теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы – Нұржан Бекентаев.
Жолдастық кездесуде дене шынықтыру пәні барысында іріктелген «74 келіге дейінгі орта палуандық» салмақтағы 16 палуан күресті. Тартысты белдесуде болашақ тәртіп сақшылары, заң мамандығының студенттері басымдылық танытты.
74 кг дейінгі орта салмақта үшінші орынды Әміржан Айтуған, екінші орынды Серік Хамитов иеленді. Ал осы салмақта чемпион атанған – Мейіржан Қаражан.
Сайыс көрерменсіз, карантиндік шараларды қатың сақтап өткізілді. Сондықтан алдын ала, сабақ барысында іріктеу жасалған болатын және студенттер қазақ күресінің ережелерімен, қағидаларымен танысып, біліктіліктерін арттырды.
Жүлдегер студенттер Қостанай өңірлік университетінің арнайы мадақтамаларымен, медальдармен марапатталды.