object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-17 17:41:04.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Профессор АЙТМҰХАМБЕТОВ атындағы дәрісхана

Baitursynuly University-де жеке тұлғалар атына дәрісхана ашу дәстүрге айналған.

Бүгін ҚӨУ педагогикалық институтында ардақты ұстаз, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Абай Ахметғалиұлы АЙТМҰХАМБЕТОВ атындағы кабинеттің тұсаукесері өтті.

Ашылу салтанатына Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ ректоры Сейітбек ҚУАНЫШБАЕВ, профессордың ұлы Айдар АЙТМҰХАМБЕТОВ, ұстаздар мен студенттер қатысты.

Ректор Сейітбек Бекенұлы атап өткендей, жеке тұлға атындағы аудиторияның ашылуы маңызды оқиға, өйткені студенттер университеттің дамуына зор үлес қосқан ұстаздарды білуі керек.

Абай АЙТМҰХАМБЕТОВ – дарынды ұстаз, Қазақстанға және одан тысқары жерлерге белгілі ғалым.

Ядролық физика саласында «Жерге жақын кеңістіктегі радиациялық жағдайлар» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Профессордың ғылыми әзірлемелері заманауи зерттеулерде де қолданылады.

Аудиториядағы стенд суреттерінде ұстазды білетін қарапайым, мейірімді де жанашыр адамдардың жадында мәңгі қалатындай көрінді.

Енді осы аудиторияда оқылған әрбір дәріс ғалымның рухына тағзым етудің бір белгісі болмақ

Қабылдау комиссиясы