Бүгін біз сіздерді «Жас ғалым» байқауының жеңімпаз жобаларының бірі - «Климаттық өзгерістер жағдайында ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыру үшін бейімделу стратегияларын әзірлеу және ғылыми негіздеу» жобасымен таныстырамыз.
Жобаның авторы - Baitursynuly University экономика және қаржы кафедрасының аға оқытушысы Таңсұлу Ахметқали.
Жоба туралы
Бұл жоба фермерлер үшін қелеңсіз жағдайларды болдырмау және егінді табиғаттың құбылмалылығынан қорғауға бағытталған.
Ғалым не істемек?
Климаттық факторлардың ауыл шаруашылығы процестеріне деген әсерін болжауға мүмкіндік беретін предиктивті модельдер жасайды. Бұл модельдер ауыл шаруашылығы өндірісін мониторингтеу жүйелерімен біріктіріледі.
Бұл не үшін қажет?
Мұндай тәсіл климаттық қауіптерді алдын ала анықтап, тиімді экономикалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Мысалы, құрғақшылықтың болуын болжап, ылғалды сақтау мен жинақтау әдістерін өзгертуге немесе құрғақшылыққа, жатып қалуға және жоғары ылғалдылыққа төзімді дақыл сорттарын таңдауға болады.