Baitursynuly University-дің «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасында ақын, журналист, педагог Байтұрсын Ілиясқа арналған дәстүрлі ғылыми-зерттеу байқауы өтті.
Ілияс ағамыз өмірін сөз өнеріне арнаған жан. Ол ұзақ жылдар «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде Қостанай облысының арнаулы тілшісі қызметін атқарып, ҚӨУ-де мыңдаған журналистерді тәрбиелеген ұстаз.
Байқаудың негізгі мақсаты – ұстаздың тәжірибесін, есімі мен шығармашылығын насихаттау, еске алу, сонымен бірге болашақ журналистердің шығармашылық қабілетін шыңдау, сөз өнеріне деген қызығушылығын арттыру.
Биылғы дәстүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары жазушының туған күніне орай өткізілді.
Байқауға кафедраның барлық курс студенттері қатысты. Олар ғылыми жұмыстарын таныстырып, педагогтың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеледі, өлеңдерін оқып, жеке ойларымен бөлісті.
Қазылар алқасы – «Қостанай таңы» газетінің және өңіріміздің белгілі журналистері.
«Ағайымыздың шәкірттеріне жиі айтатын сөзі бар еді: «Сабаққа дайындалмасаңдар да, Ахаңның 1-2 өлеңдерін жаттап жүріңдер!». Бұл сөз бүгін де өмірлік даналық ретінде есте қалды», – дейді журналист, қазылар алқасының мүшесі Заңғар Санай.
Әділ қазылар шешімімен 50 000 теңгелік стипендия бірінші курс студенті Мерейім Кубековаға бұйырды.
Қалған қатысушыларға ақынның «Патша көңілі» кітабы табысталды.
Ұйымдастырушылар байқаудың келесі жылы жаңа форматта өтетінін хабарлады: Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін мәнерлі әрі көркем жатқа айтқан студент жеңімпаз атанбақ.
ҚӨУ Бас корпусының №212 аудиториясына педагог Байтұрсын Ілиястың есімі берілген.
Оның шәкірттері аудиторияның жабдықталуына белсенді қатысып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, ұстаздарының еңбек жинақтарымен толықтырды.
Осылайша кафедра ұлы ұстазды еске алып, оның мұрасын сақтап, қаламға деген махабатын болашақ журналистерге насихаттамақ.














