Әдістемелік айлық аясында бас қосқан болашақ журналистер бүгінгі күннің ең өзекті тақырыбы – жасанды интеллект дәуіріндегі медиа тілін саралады.
Пікірталас алаңында қызу айтыс болды.
Бірі жасанды интеллектіні жұмысты ширататын таптырмас көмекші десе, енді бірі оның қасаң қалыптарынан сескеніп, авторлық қолтаңбаның жоғалып кетуінен қауіптенеді.
Байқауда бес қатысушы бақ сынап, зерттеулерін ортаға салды. Әр студент заманауи медиа мәтіндерді талдап, ақпараттың шынайылығы мен этика мәселелерін тереңнен қозғады.
ЖЕҢІМПАЗДАР
Бұл байқау журналистиканың болашағы туралы еркін диалог алаңына айналды. Жасанды интеллект бүгіннің өзінде медиа кеңістікті өзгертіп жатыр. Қатысушылардың айтуынша, бастысы – өзгерістерге соқыр ере бермей, оларды саналы түрде меңгеріп, кәсіби мақсатта жарата білу.



