Baitursynuly University биология, экология және химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) Алия Ысқақ «2024 жылғы ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» байқауының жеңімпазы атанды!
Бұл оның педагогикалық дарыны мен тынымсыз еңбегі және жоғары білімді дамытуға қосқан үлесінің жоғары бағалануының белгісі.
Алия Ысқақ - ҒЗИ директоры, ол білім беру, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті интеграциялау орталығы болып табылады. Оның басшылығымен Baitursynuly University Smart-орталығында «Lab NETWORK» зертханалық кешені құрылып, пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Алия Ысқақ ғылыми жобаларды басқарады.
Алия Ысқақты құттықтаймыз және оған жаңа ғылыми ашылулар мен оқытушылық қызметінде таусылмас шабыт тілейміз!