object(DateTime)#1051 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-10-15 14:43:01.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Бүгін ҚӨУ-де «Қазіргі журналистика мен PR-дың өзекті мәселелері: тәжірибе, мұра және өңірлік медианың жаңа көкжиектері» атты VIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Шара университеттің профессоры, социология ғылымдарының докторы Сергей Харченконың 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды.

Ол өңірлік БАҚ-тың дамуына үлес қосып, көп жыл бойы «Қостанай жаңалықтары» газетінің бас редакторы болды.

Ұжым атынан ректор Сейтбек Қуанышбаев мерейтой иесін құттықтады.

Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының әріптестері былай деді:

– Сіздің өмір жолыңыз – үлгі әрі шабыт көзі. Сіз тек студенттерді ғана емес, бізді де ынталандырасыз.

Конференция кезінде өңірдің БАҚ саласындағы басшылары студенттермен кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.

– Бүгінгі ұрпақ әлемдегі өзгерістерден хабардар, бірақ маңыздысы – сол білімді өмірде қолдана білу. Ішкі жігер мен ынта болмаса, табысқа жету қиын, әсіресе мейірім мен шынайылықты қажет ететін журналистикада, – деп мерейтой иесі барша қатысушыға алғысын айтты.

ҚӨУ атынан Сергей Васильевичті мерейтойымен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы