Baitursynuly University магистранты Марьям ИБРАЕВА «1С:Бухгалтерия» кәсіби байқауының өңірлік кезеңінде 2-орынға ие болды!
Бұл байқау алғаш рет өткізілді. Іс-шараның ұйымдастырушысы – «1С Қазақстан» компаниясы, сондай-ақ оған «Эксперт» КТ және "Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Ақпараттандыру және білім сапасын бағалаудың әдістемелік орталығы" КММ қолдау көрсетті.
Кәсіби сайыс Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжінің базасында өтті. Оған колледж, бакалавриат және магистратура студенттері қатысты.
Қатысушылар 1С бағдарламалық өнімдерімен жұмыс істеу бойынша білімдері мен дағдыларын көрсетіп, бухгалтерлік қызметтің шынайы жағдайларына жақын күрделі тапсырмаларды орындады.
Өткен жылдың қазан айында басталған екі кезеңнің қорытындысы бойынша ҚӨУ-дің экономика және қаржы кафедрасының магистранты Мариям Ибраева жоғары нәтижелер көрсетіп, «Қазақстандағы ең үздік 1С пайдаланушысы 2024» бағыты бойынша құрметті екінші орынды иеленді.
Мариямды шын жүректен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жетістіктерге жетуіне тілектеспіз!