Бүгін А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің конференция залында Қазақстандағы ERASMUS + Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуановамен кездесу өтті.
ERASMUS +бағдарламасы бүкіл әлем бойынша студенттер мен оқытушылардың алмасуын қамтамасыз етеді, негізгі мақсаты-жеке тұлғалық және азаматтардың кәсіби өсуіне, сондай-ақ жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты дамыту.
Кездесу аясында профессор-оқытушылар құрамының қатысу мүмкіндіктері айтылды. Атап айтқанда, Лаура Қалабаевна ERASMUS+ бағдарламасына қатысу үшін конкурстық өтінімдер беру кезіндегі іс-қимыл алгоритмі қолжетімді ұсынылып, басым бағыттар мен бағдарламалар көрсетілген презентацияны ұсынды.
Айта кету керек, А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті ERASMUS + бағдарламасына 2015 жылдан бері қатысып келеді және қазіргі уақытта жобалар саны бойынша көшбасшылар үштігінде тек Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не Гумилев атындағы ЕҰУ-нен ғана қалысып тұр.
Кездесуді ұйымдастырғаны үшін Қазақстандағы Erasmus + Ұлттық кеңсесіне алғысымызды білдіреміз!