object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-05-11 02:37:45.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

IQ ДОДА: Қаныш Сәтбаев

Ғылым күніне орай Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-дің жаратылыстану ғылымдары пәндері кафедрасының 1 курс магистранттары («География», «Химия», «Биология» ББ) «IQ ДОДА: Қаныш Сәтбаев» атты интеллектуалды-танымдық ойын өткізді.

Ойынға «География», «Биология», «Химия» білім беру бағдарламаларының 2 курс студенттері қатысты. Бірінші кезеңде студенттерге жасанды интеллект интернет-платформаларын қолдана отырып, үй тапсырмасын орындау тапсырылған болатын. География мамандығының студенттері «Қаныш Сәтбаевтың географиясы» атты баяндамаларын ұсынды. Бұл баяндамада ғалымның өмірі мен ғылыми қызметіне байланысты географиялық орындар мен ескерткіштер сипатталды. Биология мамандығының студенттері «Сәтбаев – адам, ғалым, тұлға» атты интерактивті жобаларын ұсынып, ғалымның өмірлік құндылықтарына биологиялық тұрғыдан талдау жасады. Ал химия мамандығының студенттері «Сәтбаев металдары» тақырыбында Қ.И.Сәтбаевтың ғылыми зерттеулерінде қолданылған химиялық элементтер туралы айтып өтті.

Интеллектуалды-танымдық ойынның екінші кезеңінде студенттер ойын форматы арқылы ғалымның өмір жолы, ашқан жаңалықтары мен ғылыми мұрасы жайлы сұрақтарға жауап берді. Дұрыс жауаптар үшін ұпай беріліп отырды.

Іс-шара модераторлары: Карлыгаш Асанова, Айзат Хамит, Гульдана Закарьянова, Жайна Кольбаева.

Аталған бастаманы қолдаған баршаңызға алғысымызды білдіреміз! Студенттеріміз бен оқытушы-профессорлық құрамға отандық ғылымның болашағына өз үлестерін қосуына тілектеспіз!

Қабылдау комиссиясы