object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-22 18:51:12.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Мүмкіндіктер уақыты

«Болашақ» бағдарламасы бойынша грант алған доктор PhD, Baitursynuly University-нің азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының оқытушысы Индира Айтжанова Еуропаның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде стажировкадан өтуде.

Литвадағы медициналық ғылымдар университеті (LSMU) медициналық және ветеринарлық академиялардан тұрады. Индира Нурлановна бірнеше жылдан бері етті және сүтті сиыр тұқымдарының өнімділік көрсеткіштерін зерттеумен айналысуда. Қазіргі тағылымдама зерттеулердің жаңа кезеңі болды.

-Етті және сүтті сиыр тұқымдарына арналған жемдерді талдау Литваның ірі зертханаларының бірі - «Pieno tyrimai» ЖАҚ-да жүргізілетін болады, -деп бөлісті Индира Айтжанова. - Стажировканың жетекшісі - профессор, доктор Роландас Станкявичюс, ветеринарлық медицина факультетінің деканы және мал азығы кафедрасының меңгерушісі.

Келесі үш айда тек зерттеулер жүргізу емес, сондай-ақ жетекші рецензияланатын журналдар үшін ғылыми жарияланым дайындау жоспарлануда.

Қабылдау комиссиясы