object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-06-30 21:21:20.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Әйелдердің ғылымға қосқан елеулі үлесі

Baitursynuly University өкілдері «Ғылымдағы әйелдер» өңірлік форумына белсене қатысты.

Форумды ұйымдастырушы - «AMANAT» партиясы облыстық филиалының әйелдер қанаты.

Айта кетейік, ҚӨУ Smart-орталығының басшысы Гүлмира Дамбаулова форумның ұйымдастыру комитетінде болды.

Гүлмира Кәрімжанқызы әйелдер партиясының қанатында «Ғылымдағы әйелдерді қолдау» бағытына жетекшілік етеді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогтары форумға белсене қатысты.

Форум аясында Smart-орталыққа және Baitursynuly University қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтына экскурсиялар ұйымдастырылды.

ҚӨУ ректорының кеңесшісі Римма Шыңғысқызы Бектұрғанованың еңбегі форумда аталып,  бірқатар қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды.

ҚӨУ археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Викторовна Шевнина

ҚӨУ Қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтының директоры Әлия Ысқақ.

Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен құттықтаймыз! Сіздерді  мақтан тұтамыз!

Қабылдау комиссиясы