object(DateTime)#1041 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-16 22:25:17.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Агроинженерияның дамуы үшін МАҢЫЗДЫ қадам

Baitursynuly University ғалымы агроинженерия ғылымы бойынша диссертациялық кеңестің құрамына енді.

PhD докторы, ҚӨУ-дің аграрлық техника және көлік кафедрасының қауымдастырылған профессоры Мақсат Амантаев С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде (Астана қ.) философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін құрылған диссертациялық кеңестің тұрақты мүшесі болып бекітілді.

Диссертациялық кеңес ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің бұйрығына сәйкес құрылды.

Кеңестің міндеті - «Агроинженерия» бағыты бойынша диссертация қорғауларын қабылдау.

Тұрақты құрамға республика ЖОО-ларының жетекші ғалымдары енді.

– Диссертациялық кеңестің ашылуы – ҚР агроинженерия ғылымының дамуы үшін маңызды қадам. 2017 жылы мен осы жерде докторлық диссертациямды қорғаған едім, содан бері университетпен тығыз байланыстамын. Кеңестің жұмысына қатысу – ҚӨУ-дің ғылыми әлеуетін арттырып қана қоймай, докторанттарымызға еліміздің жетекші аграрлық университеттерінің бірінде диссертация қорғауға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Мақсат Амантаев.

Әріптесімізді құттықтаймыз және агроинженерия ғылымы саласында жоғары білікті кадрларды даярлау жолындағы жұмысына сәттілік тілейміз!

Қабылдау комиссиясы